Қуаныш – жаһанда жоқ жалын ғой,
Бізге ұшып келген жаннат рух,
Өзіңменен мастанып,
Сенің жарқын ғибадатханаңа кірдік.
Барлық араздасқан бәтуасыздарды
Күш салмай-ақ жақындастырдың,
Сен қанат жайған жерде
Адамдар бір-бірімен бауырласады.
Миллиондар,
Бір-біріңе құшақ жайыңдар!
Ортақ қуанышпен бірігіңдер!
Сонау жұлдызды елдің биігінде
Сүйіспеншілікке бөленген Құдайдың бары рас!
Күнделікті өмірдің бұрқасын боранында
Досыңменен татулықты сақтасаң,
Жолдас қызға сенімді болсаң егер,
Біздің салтанатымызға қосыл!
Бұл дүниелік өмірде
Жан дәнекерінің жылулығын
Лайықсыз деп есептеген
Жанары жасқа толып
Өз еркімен одағымыздан тыс кетсін!
Қуанышқа қошемет өлеңі (Ludwig van Beethoven)



























