Эмбрион

Адамзат тарихы 3 негізгі кезеңге бөлінеді, эмбрионның дамуы да үш айлық 3 кезеңге бөлінеді.

Бүкіл тарих бойы біз кеңейе отырып дамыдық, жаулап алдық және жасадық, бұздық және қайта құрдық. Осылай барлығын басып алған жағдайға жеткенше бүкіл жер шарына тарап кеттік. 38 апталық даму шегіне жеткен нәресте де осындай жағдайға жетеді….

Нәресте үшін анасының құрсағы ең жайлы жер болып табылады, бірақ ол тек аралық саты, өйткені мақсат туу болып табылады, құрсақта қалу мүмкін емес. Ана ағзасында нәрестенің туылуына көмектесу үшін босану кезінде көп мөлшерде адреналин бөлінеді, өйткені нәресте үшін босану көп ауыртпалық әкеледі. Солай біз де даму шыңы сатысына жеттік және енді бұдан әрі өзіміздің бүкіл даму кезеңімізде құрылған ұстанымдар бойынша өмір сүре алмаймыз.

Біз бұдан әрі не істеу керектігін білмейміз, бірақ бұл біздің дамуымыз бойыша жалпылама түпкі ой жоқ дегенді білдірмейді. Табиғаттың өзінің бағдарламасы бар және ол бізге дағдарыс, табиғи өгерістер, эпидемиялар, соғыстар арқылы әсер етіп, бізді сонда да тууға мәжбүрлейді. Туылған нәресте өз дамуын, құрсақтан тыс өзге әлемді ұғынуды жалғастырады. Сол сияқты біз де ақыр аяғында өзіміз бойынша түпкі ойды ұғынуымыз керек. Ал осыны қалай істеу керектігін бұдан әрі осы сайт беттерінде көріңіз.

  • en
  • ru
  • es
  • fr
  • de
  • it
  • pt
  • nl
  • bg
  • ro
  • kk
  • tr
  • fi
  • pl
  • cs
  • hu
  • lv
  • lt
  • et
  • he
  • ar
  • tl
  • ko
  • zh
  • ja
Bookmark and Share